15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыЭтностардың ою-өрнектік символдары мен белгілері - тек әлеуметтік идентификация әдісі емес, сонымен қатар субэтникалық топтардың айырмашылықтары. Субэтникалық ерекшеліктердің үш түрін көрсетуге болады:
Дәстүрлі ою-өрнектің қалыптасуына этностағы басты дін үлкен әсерін тигізеді. Ислам дініндегі тірі жанды бейнелеуге тиым салу ондағы геометриялық және өсімдік тәріздес өрнектердің дамуына әкелді. Оларды «арабеска» деп атаймыз.
Қай мемлекет болмасын оның ең маңызды символдарының бірі – ту. Кейбіреулерінде күрделі, көпмағыналы, басқаларында қарапайым эмблемалар. Бірақ барлығының да терең мағынасы бар: маңызды тарихи кезең немесе мемлекеттік ұстанымдары. Ертеде ақсүйек әулеттердің тек өздеріне ғана тән белгілері болған. Бұл символдар рыцарьлардың қалқандарына салынатын. Алғашқы қалқандар қызыл түсті болды. Жануарлардың бейнелері кең қолданылады: арыстан, бүркіт, феникс құсы, саламандра. Сонымен қатар кентавр, гарпин секілді қиял-ғажайып бейнелер де кездеседі. Арыстан – аң патшасы, мемлекеттің күшті екендігінің белгісі. Оған қоса арыстан жеңісіне сенімді болмаса айқасқа шықпайды, сондықтан ол ақылдылықтың да символы есептеледі. Құстардың мықтысы бүркіт, ол империялардың символы болды. Екі басты бүркіт бейнесі өз бастауын Ежелгі Рим мәдениетінен алады.
Мемлкеттік туларда кездесетін кейбір өрнектер:
Мемлекеттік туда қолданылатын негізгі төрт түс бар: көк, жасыл, қызыл, қара. Көк түс – әдемілік, ұлылық, адалдық, сенім, мінсіздік, сонымен қатар даму, ұмтылыс, үміт, арман символы. Жасыл түс молшылық, қуаныш, еркіндік, бейбітшілік, тұрақтылық белгісі. Қызыл түс махаббат, батылдық, кеңпейілділік, сонымен қатар Отан үшін төгілген қанды білдіреді. Қара түс білімділік, қарапайымдылық, сақтық, қайғы–қасірет символы есептеледі.
Айжан ЕСЕНАЛИНА
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады