Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҮкіметте Премьер-Министрдің мемлекеттік органдарды дамытудың салалық тұжырымдалары мен жоспарларын жаңарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекеттік органдар қолданыстағы ұлттық жобалардан көрсеткіштер мен іс-шараларды көшіру, сондай-ақ Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы және басқа да тапсырмалары аясындағы жаңа шараларды салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларына енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Е. Жамаубаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері өкілдерінің «Қолжетімді интернет» және «Әр елді мекенде таза ауыз су» жаңа ұлттық жобаларын әзірлеу барысы туралы баяндамаларын тыңдады.
Жиынды қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларын өзектендіру жұмыстарын жеделдету, сондай-ақ ұлттық жобаларды әзірлеуді аяқтауды тапсырды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек