2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстандағы этностардың мемлекеттік тілді және өз ана тілдерін еркін меңгеруіне мүмкіндік беретін жаңа цифрлық жоба іске қосылды, деп хабарлайды El.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті тіл үйренушілерге арналған бейнесабақтардың заманауи топтамасын әзірлеп, көпшілікке ұсынды. Жоба аясындағы бейнематериалдар А1 – қарапайым деңгейіне бейімделген. Ең басты ерекшелігі – сабақтардың татар, неміс, кәріс, өзбек, дүнген, ұйғыр, поляк және түрік тілдеріндегі субтитрлермен қамтылуы. Бұл түрлі этнос өкілдеріне қазақ тілін немесе өз ана тілін ыңғайлы форматта меңгеруге жол ашады.
7–10 минутқа құрылған қысқа әрі мазмұнды сабақтар тыңдалым, жазылым және айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Платформаның тағы бір артықшылығы – бейнесабақтардың тәулік бойы қолжетімділігі. Тіл үйренушілер өзіне ыңғайлы уақытта кіріп, сабақтарын жалғастыра алады.
Тіл саясаты комитетінің мәлімдеуінше, бастаманың басты мақсаты – мемлекеттік тілді және ана тілдерін меңгеруге арналған сапалы контентті кең аудиторияға қолжетімді ету, сонымен қатар оқытудың заманауи тәсілдері мен технологияларын тәжірибеге енгізу. Жоба тіл үйренушілердің айтылым дағдысын жетілдіріп, тіл үйренуге ынталы азаматтардың қатарын арттыруға серпін бермек.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс