29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҒылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау және қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын жариялады.
Байқауға кәсіби журналистер, теле және радио ұжымдары, газет пен интернет-басылым редакциялары, сондай-ақ мемлекеттік тілдің өзекті мәселелерін тұрақты көтеріп жүрген журналистер қатыса алады.
Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:
Қатысушылар 2026 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында отандық бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ немесе орыс тілінде жарияланған екі мақаласын немесе бір теле/радиобағдарламасын ұсынуы тиіс.
Байқауға қатысу үшін:
Құжаттар 2026 жылғы 1 шілде сағат 24:00-ге дейін til.jane.baq@gmail.com электрондық поштасына «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына деген белгімен қабылданады. Байланыс телефоны: 8 (777) 114-66-83.
Байқау материалдары тақырыпқа сәйкестігі, ақпараттың өзектілігі мен нақтылығы, мәселені талдау деңгейі және материалды ұсыну шеберлігі бойынша бағаланады.
Сондай-ақ қатысушылардың қазақ тіліндегі контентті дамытудың заманауи тәсілдері мен инновациялық шешімдерді ұсына білуіне, мемлекеттік тілдің қоғамда және мемлекеттік органдарда кеңінен қолданылуына кедергі келтіретін мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстар беруіне ерекше мән беріледі.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек