Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістанда Президент қатысуымен Ұлттық құрылтай отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алқалы жиында елуден астам құрылтай мүшелері өз ұсыныстарын жеткізуде. Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы Шаймардан Нурумов мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруді, жастар арасында отансүйгіштікті дамытудың бірқатар жолдарын ұсынды.
Мәдениет. Өнер. Руханият секциясында болдым. Бірінші күннің отырысы екі жарым сағатқа созылды, тағы уақыт керек болды. Өзім үш мәселені көтердім. Біз үшін қазақ тілінің дамуы мен өркендеуі жолында жасалынатын қадамдар өте маңызды. Мемлекеттік тіл – біздің тұтастығымыз . Осыған қатысты өзімнің бірнеше жеке ұсыныстарымды айттым. Сонымен қатар жастарды бойында отансүйгіштік сезімін нығайту мақсатында атқарылатын шаралардың «галочка» үшін ғана атқарылмау қажеттігін айттым. Ұлттық құрылтай мүшелері халық арасында жүргендіктен, біз көбіне-көп ел арасындағы өзекті сұрақтарды жинап, соны жеткіздік, - дейді Шаймардан Нурумов.
Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы төрағасының айтуынша, Ұлттық құрылтай - билік пен халық арасындағы ашық диалог орнайтын алаң.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?