30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекеттік сыйлықтарға үміткер ретінде барлығы 23 жұмыс ұсынылды. Алдын ала іріктеуден кейін екінші кезеңге алты жұмыс өтті.
Комиссия жұмыстарды қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысын тыңдау нәтижесінде тиісті ұсынымдар әзірледі.
Мұндай сыйлыққа ие болу ғылым мен техника саласындағы қайраткердің еңбегі жоғары деңгейде мойындалғанын білдіреді. Әрі білімнің жаңа саласын немесе білімнің бір саласында жаңа бағытты ашқан ғылыми жаңалықтарға, монографиялар мен ғылыми жұмыстарға, техниканың, материалдар мен технологиялардың жаңа түрлерін ойлап тауып, оның өндірісін ұйымдастырғандарға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саланың басым міндеттерін шешуге және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет нәтижелері үшін беріледі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды