Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша «Резерв» ШЖҚ РМК басшысы Б.Оңайбаевты (Қазақстан Республикасы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы) ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел жете тексеру барысында оның 2022 жылы мамырда кәсіпкердің коммерциялық қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алуға қатысы бары анықталды.
Қылмыстық істің қатысушысы делдал арқылы беріліп отырған заңсыз ақшалай сыйақыны алу кезінде астыртын әрекет етудің жоғары шараларын қолдағаны атап өтілді.
Нәтижесінде, 2023 жылғы 16 наурызда Сот шешімімен Б.Оңайбаевты мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша 9 млн теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жазамен сотталды.
Сондай-ақ, Б.Оңайбаев "2-санатты" (подполковник әскери атағына теңестіріледі) қаржы полициясы және экономикалық тергеу органдарының зейнеткері біліктілік сыныбынан айырылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?