Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыБұл туралы Орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған семинарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға да түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Енді журналистің сауалына жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады», - деді министр.
Министрдің айтуынша, бұл ақпараттық ашықтықты арттырумен қатар, жауапкершілікті де күшейте түспек.
«Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік доктринасы іске асырылады. Доктринаның негізгі міндеті – отандық медиа кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің ақпараттық дербестігін қамтамасыз ету», - деді Дархан Қыдырәлі.
Сонымен бірге министр қазір талқыланып жатқан "Масс-медиа" туралы заң жобасының негізгі мақсаты да журналистер мәртебесін көтеру, отандық контентті қолдау және ұлттық ақпаратты қорғау екенін екенін айтты.
Айта кетейік, Астана қаласында мемлекеттік органдар баспасөз хатшыларына арналған семинар өтіп жатыр.
Шараның ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Президентінің Баспасөз қызметі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының «MediaLab» орталығы және M.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY.
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?