23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКонституция күні қарсаңында Оқу-ағарту министрлігінде мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант қабылдау салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жаңа қызметкерлер ведомство басшылығы мен ұжымның алдында салтанатты жағдайда еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, кәсіби міндеттерін атқаруға және мемлекет мүддесін қорғауға ант берді.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әріптестерін Конституция күнімен құттықтады.
Осыдан 29 жыл бұрын тәуелсіздігіміздің мызғымас іргетасы - еліміздің Ата заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, теңдігін қамтамасыз ете отырып, қоғамдық келісімнің негізіне айналды. Біздің басты мақсатымыз – бірлік пен ынтымақты нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау болып қала береді», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Сонымен қатар биылғы жылы бірінші рет салтанатты шараға министрлік қызметкерлерінің 2024-2025 оқу жылы алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған балалары шақырылды. Олардың әрқайсысына министр мектеп сөмкесін сыйлап, білім алуда сәттілік тіледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады