6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау және мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша биылғы 9 айда атқарылған жұмыс нәтижелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Агенттіктің 9 ай ішіндегі бақылау жұмыстарының нәтижесінде 15 мыңға жуық заңбұзушылықтар анықталып, оның қорытындысы бойынша лауазымды адамдар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
4221 мемлекеттік қызметкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді, – делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар белгіленген кезеңде жұмыс уақытына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 2,3 мыңнан астам мемлекеттік қызметкердің құқығы қорғалды. Оның ішінде 2 мыңнан астамы қосымша демалыс сағаттарын алса, қалғандарына ақшалай өтемақы төленді және икемді жұмыс уақыты режимі белгіленді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі