10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨзбекстанда мемлекеттік қызметкерлер әр айдың бір күнінде қоғамдық көлікпен жүріп, үлгі көрсетуі тиіс, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Өзбекстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын бекітті. Енді ел астанасында «Автомобильсіз күн» шарасы ұйымдастырылады.
Бұл бастаманы қоғамның белсенді өкілдері ұсынып, оны мемлекет басшысы қолдаған. Оның аясында биылғы 1 наурыздан бастап әр айдың бір жұмыс күнінде қала ішінде жеке автокөлікпен жүру шектеледі. Рұқсат тек қоғамдық транспорттар мен арнайы және шұғыл қызметтердің көліктеріне беріледі.
Бұл шара ұйымдастырылған күні республикалық және атқарушы биліктің барлық басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап, тұрғындарға үлгі көрсетуі тиіс.
«Автомобильсіз күн» шарасы автокөліктердің қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту мақсатында қолға алынып отыр. Алайда, шара айдың қай күнінде ұйымдастырылатыны стратегияда нақтыланбаған.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді