23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы «Гендерлік теңдік негіздері» тақырыбында мемлекеттік органдардың өкілдеріне оқыту семинарын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыту «БҰҰ-әйелдер» штаб-пәтері әзірлеген «I know Gender» сертификатталған курсының негізінде өтті. Қатысушылар гендерлік теңдікке қол жеткізу мен насихаттаудың негізгі тетіктерімен, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту әдіснамасымен танысты.
Сондай-ақ қатысушыларға Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясатының негізгі бағыттары және осы салалардағы халықаралық тәжірибе туралы айтылды.
Айта кетейік, семинар «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясына орай ұйымдастырылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік