Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

11 Мамыр, 12:45 609

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Константин Вадимович Канцеров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, ақпан айында Мемлекет басшысының өкімімен Роман Төреханов  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған еді.

 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: