6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның саяси жаңғыруы: бағыт және бағдар» атты Сарапшылар форумына қатысты, деп хабарлайды El.kz
Сондай-ақ Форум жұмысына белгілі саясаттанушылар мен әлеуметтік ғылым бағытындағы сарапшылар, академиялық қоғамдастық өкілдері, университет оқытушылары атсалысты.
Ерлан Қарин қазіргі сайлаудың логикасы биылғы республикалық референдумда қабылданған Конституциялық реформадан туындайтынын айтты.
Мемлекеттік кеңесші бүгінгі саяси ахуалға тоқталып, алдағы сайлау науқандары қолға алған реформаларды іске қосудың және барлық негізгі саяси институттарды қайта жаңғыртудың тетігі екенін ерекше атап өтті.
Ерлан Қариннің пікірінше, саяси реформаларды іске асыру арқылы мемлекеттік институттар арасындағы қарым-қатынастың жаңа принциптері қалыптасады. Сонымен қатар билік тармақтарының оңтайлы теңгерімі жасалады. Нәтижесінде билік институттарының «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы бойынша тұрақты жүйесі құрылады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі