Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліМемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шаралар аясында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.
Биыл еліміз Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.
Ерлан Қарин салтанатты рәсімде Президент тапсырмасына сәйкес осынау атаулы датаға орай көптеген іс-шара жоспарланғанын жеткізді.
Атап айтқанда, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай жастар арасында халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді.
Сондай-ақ қазақтың қайсар қызының өмір жолы мен ерен ерлігін паш ететін деректі фильм түсіріліп, көрмелер мен спорттық-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Әлия Молдағұлова өскелең ұрпақ үшін ерлік пен жанқиярлықтың үлгісі болып қала береді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс