6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖамбыл облысында «Таза-Талас» кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 7 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Талас аудандық прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ МКК теңгеріміндегі көліктерді ұрлау схемасын анықтады. Кәсіпорын басшылығы жалған құжат негізінде 4 автокөлікті сатуға шығармай үшінші тұлғаларға сатып жіберген, - делінген хабарламада.
Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 22 миллион теңгені құрады.
Іс аясында қадағалау органы 10 миллион теңге көлеміндегі 2 көлікті қайтарып, 7 миллион теңге өндіріп алғаны хабарланды.
Талас аудандық сотының 2024 жылдың 13 маусымындағы үкімімен «Таза-Талас» кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі