Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 16 кәсіпорнында 1,1 мыңнан астам жұмыскерге 318,2 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 499 еңбек құқығының бұзылуы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 240 ұйғарым берілді және 24,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 890 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 81,3 млн теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 ақпандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 389 тексеру жүргізді, оның барысында 499 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 466; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 31; халықты жұмыспен қамту бойынша – 2. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3,8 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?