Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2024 жылдың 18 қаңтарында мемлекет басшысының Италияға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Италияның Ұлттық басқару мектебінің (Italian National School of Administration) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Меморандум аясында екі мемлекет арасында ынтымақтастықты тереңдету, мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару бағыттары бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және құзыреттіліктерін дамыту, сондай-ақ қолданбалы зерттеу бойынша әріптестікті нығайту көзделіп отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесуде БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және ЭЫДҰ аясындағы әлемдік аренада ортақ мақсаттарға қол жеткізу ісіндегі екі елдің табысты ықпалдастығына арнайы тоқталды.
Кездесу барысында қабылданған бірлескен мәлімдемеде қазақстандық және италиялық жетекші университеттер, атап айтқанда, ғылым және технология бағытына маманданған университеттер арасында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтудің маңыздылығын атап өтілді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар