22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында балалар жылы қорытындыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отырыста ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-минстрі Назгүл Сағындықова балалы отбасыларға бюджет тарапынан жәрдемақының 5 түрі, ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының 2 түрі төленетінін айтты.
«Бүгінде балалы отбасының 2 миллионнан астамы жәрдемақы мен төлем алушылар. 2022 жылы мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің барлық мөлшері 9 пайызға индекстелді. Яғни 1 қаңтардан бастап 5, 1 сәуірден бастап 4 пайызға дейін жетті. Ағымдағы жылы осы мақсатта 867 миллиард теңге төленді», – деді Назгүл Ерікқызы.
Ал 2023 жылы оны 1,2 триллон теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр. Оның ішінде республикалық бюджеттен 653 миллиард теңге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 574 миллард теңге бөлінеді. Сондай-ақ вице-минстр балалы отбасыларды қолдау үшін мемлекет тарапынан жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджеттен бала тууынан байланысты бір жолғы жәрдемақы төленгенін айтты.
«Биылғы жылы оның мөлшері 120 840-200 340 теңгеге дейін болса, оған бюджеттен 358 миллиард теңге көзделді. Оны 398 мыңнан астам отбасы алды», – деді ол.
Жұмыс істемейтін ата-аналар үшін 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша бюджеттен ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі бірінші, екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға 18 317-28 302 теңгеге дейін мөлшерінің ұлғаюы мен баланың туу кезегіне байланысты төленді.
Биылға республика бюджетінен 56 мың отбасы 22,2 миллард теңгеге жәрдемақы алды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев