23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мемлекетке қайтарылған активтер әлеуметтік жобаларға жұмсалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның бас прокуратурасы активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылғанын мәлімдеді. Солардың бірі — Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы.
Ғимараттың ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды. Нысан іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтіледі, — делінген хабарламада.
Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй құрылысы қолға алынбақшы.
Прокуратураның мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік