Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау кезінде бұрынғы вице-министр Т. Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында мемлекетке Қостанай облысындағы «Шевченковское» бірегей кен орны қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің telegram арнасына сілтеме жасап.
Кен орнында никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 трлн теңгеден асады. Биылғы 27 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Т. Тоқтабаевқа қатысты үкімі жарияланды.
Ол пайдалы қазбалардың ірі қорлары бар кен орындарын онымен үлестес адамдарға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасынан айырылды.
Оның төмендегі қымбат мүліктері тәркіленді:
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет активтерді қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды