Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМемлекетаралық іздеуде жүрген Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, Тимур Сәдуақасовты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Өзбекстан Республикасының шекара қызметі ұстаған.
Оған қатысты Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бар мәліметке сәйкес, Сәдуақасов Т.Х. тергеу изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалуда, - делінген мәліметте.
Еске сала кетейік, экс-шенеунікке алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылған.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2023 жылғы шілде айында Сәдуақасов Т.Х. және «Обуховское» кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісіне қатысты адвокат – Құрманбаев С.Н. лауазымды тұлғалар арасындағы байланыстарын пайдалана отырып, Долгалев В.И-қа кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғауды ұсынған.
Алдын ала келісім бойынша, параның бірінші бөлігі ретінде 90 млн теңге алған Сәдуақасов пен Құрманбаев бұл қаражатты өздері иемденіп, уәде етілген міндеттемелерін орындамаған.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды