Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқорданың Twitter микро-блогындағы ресми парақшасында Мерзімнен бұрын Мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына тағайындалғандығы туралы хабарлама шықты.
13 қаңтар күні төменгі палата депутаттары ҚР Президентіне үндеу жолдап, мерзімнен бұрын Парламент сайлауын өткізуді сұрады. Негізгі себеп ретінде халық қалаулылары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруге сүйенді. Депутаттардың айтуынша, мұндай қадам 2016 жылдың соңына қарай болуы тиіс сайлауға алаңдамауға мүмкіндік береді.
18 қаңтар күні Елбасы Мәжіліс спикерімен және Премьер-Министрмен консультация өткізіп, аталмыш ұсыныстың Қазақстан қоғамы тарапына кең қолдау тапқанын атап өтті.
Одан соң Нұрсұлтан Назарбаев Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен тағы бір консультация өткізіп, бастаманың өзекті екеніне тоқталды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бастама Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын қатар сайлауға мүмкіндік беретініне назар аударды.
Өз кезегінде Конституцилық кеңес төрағасы Игорь Рогов Конституцияның 63-бабының 1 тармағына сәйкес, Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алатынын атап өтті.
Дәурен Омаров
Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер