1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді«Отан қорғаушы күнімен және Ұлы жеңістің 71 жылдығымен барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі мереке – ата-бабамыздың бізге мирас қылған ерлік дәстүрін жалғастыратын кезең. Ел ерлігімен еңселі дейді xалқымыз. Біз кешегі баһадүр бабаларымыздың ерлік ісін жалғаған ұрпақпыз. Елдің тыныштығы, тұрақтылықты сақтау – бәріміздің қасиетті жауапкершілігіміз. Бірлігіміздің арқасында аспанымыз ашық, заманымыз тыныш. Осындай бейбіт заманда да ерлік жасауға болатынын дәлелдеген азаматтар бар. Өз басын қатерге тігіп, адамды өлімнен құтқарған Данияр Қалиев ерлігі үшін медалімен марапатталады. Арамызда ел қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып жүрген өзге азаматтар да бар. Соның бірі xалықаралық аренада танылған Әсем Жакенованы ерекше атап өткім келеді. Жоғары жетістіктермен көзге түскен ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Сіздер әскери қызметпен бірге азаматтық парызды абыроймен атқарып жүрсіздер. Ел сүйсінген ерліктеріңізбен жас ұрпаққа үлгісіздер. Жастар сіздерге қарап бой түзейді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы «Fokker - 100» әуе кемесінің командирі Дмитрий Родин мен Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қайрат Үмбетовке Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» және Алтын Жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды.
Әзірлеген Айша КЕРЕЙ
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?