6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы облысында мемлекет пайдасына тәркіленуге жататын мүліктердің заңсыз жымқырылу және жасырылу фактілері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратура жүргізген тексеру барысында айып тұрағында сақтаулы тұрған «Volvo FH» маркалы жүк көлігінің бөлшектеліп, ұрланғаны белгілі болды. Бұл көлік әкімшілік іс аясында тәркіленіп, жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын мүлік ретінде мемлекет кірісіне өтуі тиіс болатын. Алайда, тиісті бақылаудың жоқтығынан немесе немқұрайлылықтан оны сақтау кезінде заң бұзушылыққа жол берілген. Бұдан бөлек, тәркіленуге жататын тағы бір құнды мүлік — шамамен 8 миллион теңге тұратын «Mercedes E350» маркалы автокөлік те мемлекет пайдасына өндірілуі керек еді.
Аталған көлік қылмыстық іс шеңберінде күдіктінің әкесіне уақытша сақтауға берілген. Алайда соттың тәркілеу туралы шешіміне қарамастан, көлік жасырылып, иесі сақтау міндетін орындаудан бас тартқан. Бұл деректерге қатысты тиісті материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына жолданып, енді нақты құқықтық баға беріліп, шешім қабылдануы тиіс. Аталған фактілер мемлекет меншігіндегі мүлікті қорғау жүйесінде бақылау мен тәртіптің әлсіздігін көрсетіп отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі