Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстанда креативті индустрияны қолдау корпоративтік қоры құрылады, оның көмегімен жас таланттар қолдау тауып, шығармашылықты дамытатын болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен креативті қоғамдастықпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды El.kz министрлікке сілтеме жасап.
Қор қысқа мерзімді білім беру алаңдарын барынша қолдайды, креативті продюсерлер мен арт-менеджерлер таланттарды тәрбиелей алатындай үй-жайлар мен жабдықтарға қолдау көрсетеді.
«Осы жылы күзде креативті индустриялар бойынша құзырет біздің министрлікке бекітіледі. Сондықтан сіздердің идеяларыңызды тыңдау, жобалармен танысу және сіздермен бірге саланы дамытуға күш салу біз үшін маңызды. Біз қазіргі кезде таланттар мен креативті ұжымдарды қолдау саясатын пысықтап жатырмыз», - деп атап өтті министр Дәурен Абаев.
Кездесуде қазақ тіліндегі контентті, фильм-индустрияны дамыту, кескіндеме, креативті хабтар негізінде шығармашылық ұжымдардың коллаборациясы арқылы еліміздің имиджін ілгерілету мәселелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар өнер саласының түрлі бағыттарының өкілдері күш біріктіруі қажет деп сендірді.
Айта кетейік, кездесуден соң министр «Медеу» креативті хабының құрылысына барды. Бұл хаб қалалық креативті орта мен жастардың спорттық-туристік қоғамдастығы арасындағы байланыстырушы буынға айналады.
«Медеу» хабы креативті ұжымдарға тиімді шарттармен резиденттік алуға және серпінді идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс