6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПрезиденттің Сербияға алғашқы ресми сапары аяқталды, деп хабарлайда Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайынан Сербия Премьер-министрі Милош Вучевич шығарып салды.
Айта кетсек, кеше 18 қарашада Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен барды. Сербия сарайының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақстан Президенті Сербия басшысы Александр Вучичті ерекше сыйлығымен таңғалдырды. Тоқаев су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін Сербия халқына алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Белградқа ресми сапары аясында Сербия Президенті Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін Қазақстан мен Сербия Президенттері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен бірге Белград маңындағы «Батайница» аэродромына қойылған әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмесін аралады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі