23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті кеңейтілген отырысына қатысты деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр", - деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар мемлекет басшысы президенттік сайлау туралы пікір білдірді.
"Өткен президенттік сайлау азаматтардың мемлекет ұстанған бағытты қолдайтынын көрсетті. Халық алыс болашақта емес, осы жерде және қазір нақты өзгерістерді күтуде. Біз халықтың сенімін ақтауымыз керек. Сайлау бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Оның барлық қызметі уақытылы және толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір министр мен әкімнің жұмысы статистикалық есеп пен баяндама бойынша емес, нақты нәтижелер бойынша бағаланатын болады",- деді президент.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік