Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыЕлордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz.
Биыл аталған іс-шара «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда» тақырыбында өтіп жатыр.
Форум аясында технопарктер және ІТ-мектептер көрмесі, ІТ-стартаптар аллеясы, ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle жарысы, VR, GameDev және түрлі тақырыптық сессиялар өтеді.
Digital Bridge - жыл сайын Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін IT саласындағы Қазақстанның ең ірі іс-шарасы.
Форумға халықаралық IT-қоғамдастық көшбасшылары, технология саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, цифрлық әзірлемелер саласындағы кәсіпқойлар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлық инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері, жалпы 5 мыңға жуық қонақ, 300 IT-компания, әртүрлі елден 200 спикер және 70 инвестор қатысады.
Форумды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі ұйымдастырып жатыр.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді