22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыПрезидент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асламбек Мерғалиев сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берді
Президенттің дербес кассациялық инстанция құру үшін консультациялар өткізу туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады. Заңгерлермен, ғалымдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және Парламент палаталарының депутаттарымен бірлесе талқылау жұмыстары жүргізіліп, соның негізінде елордада (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша) үш кассациялық сот құру моделіне оң баға берілгенін айтты;
Жоғарғы сот алдын ала қарау институтын жоюды, «толық кассацияны» қолдануды, қаралуы 6 айдан аспайтын «ақылға қонымды мерзім» белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесін жүргізуді ұсынды. Өз кезегінде, жоғары сот органы қадағалау ісіне және сот практикасының бірыңғай болуын қамтамасыз етуге баса мән беретінін жеткізді;
әкімшілік әділеттің жұмысы мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесі жөнінде айтты. Жоғарғы сот төрағасы цифрландыру және сот қызметінің ашықтығы мен сот төрелігінің қолжетімді болуын жақсарту мақсатында жасанды интеллект элементтерін енгізу туралы хабарлады.
Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және барлық сатыдағы істерді қарау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев