6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПрезидентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, аналитикалық блок айтарлықтай күшейтіліп, Жоғарғы соттың жалпы нормативтік қаулыларының үшінші бөлігіне түзетулер енгізілді. Бұдан бөлек, тергеу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейі жақсара түсті. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартатын жағдайлардың және алқабилердің қатысуымен сотта қаралатын істердің саны мен бітімгершілік келісіммен аяқталған азаматтық даулардың үлесі артты.
Мемлекет басшысына сот реформасының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы, депутаттық корпуспен бірлесе отырып, Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер жөнінде бастама көтерілді. Атап айтқанда, заңды өрескел бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғау институтын қайта қарау, сот төрелігінің сапасын тексеретін комиссия жұмысын жетілдіру, дербес кассациялық саты құру ұсынылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау ісінде сот жүйесі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі реформалау жұмыстарын жалғастыру маңызды деп санайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі