23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мәртебелі қонақтың құрметіне құрмет қарауылы сап түзеп, Әнұран орындалды.
Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылмақ.
Айта кетейік, Қазақстан мен Тәжікстан арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл.
Осы жылдар аралығында екі ел арасында көпжақты және өзара тиімді мемлекетаралық байланыстар жолға қойылып, стратегиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстармен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон қазақ-тәжік қатынасын нығайта түсу үшін бүгін тағы бір рет кездесіп отыр деуге толық негіз бар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік