Бүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондарҚасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысында биылғы 8 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Дархан Сатыбалдының айтуынша, экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі 534 миллиард теңгеге жетіп, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125 миллиард теңгеге өскен.
Облыста жалпы құны 12,7 миллиард теңгені құрайтын 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 936 жұмыс орны ашылған. Ауыл шаруашылығы саласында 477 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 4 пайызға артты.
Түркістан аумағында бірқатар су нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспардағы шаралар іске асырылғаннан кейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 триллион теңгеге жетті.
Сондай-ақ жыл басынан бері 486 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін жалпы 85 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Облыс әкімі бюджет есебінен 59 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын, нәтижесінде биыл 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілетінін баяндады. Бұдан бөлек, жеке инвесторлар 13 мектепті пайдалануға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында қолға алынған жобаларды жалғастыруды және халықпен тығыз жұмыс істеу мәселесін күшейтуді тапсырды.
Бүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары