Мемлекет басшысы «Солтүстік – Оңтүстік» көлік бағытын дамытудың маңыздылығын атап өтті

Мемлекет басшысы «Солтүстік – Оңтүстік» көлік бағытын дамытудың маңыздылығын атап өтті

Аян Қайырбаев
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен ынтымақтастықта дамып келе жатқан Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізінің ерекше маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ елдің көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары мен өңірлік экономикалық байланыстарды нығайтудың перспективалары туралы айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан көлік инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытып келеді. Бұл өңірлік қарым-қатынас аясын кеңейтеді.

Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерінің құрылысы аяқталуға таяу. Келесі жылы Бақты – Аягөз бағыты ашылады. Бұл – өте маңызды, тіпті стратегиялық сипаты бар бағдарлар. Қытайды Каспий теңізімен және Еуропа нарығымен байланыстыратын Арал – Каспий магистралінің құрылысы басталды. Қазақстанның көлік инфрақұрылымын ауқымды түрде жаңғырту тұтас аймақтың транзиттік рөлін күшейте түсетініне сенімдімін. Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға баса мән беріледі. Соңғы жылдардың динамикасы Орта дәлізге сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Ресеймен ынтымақтастық тұрғысынан Солтүстік – Оңтүстік бағыты да Қазақстан үшін өзекті, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Дүниежүзілік банктің бағалауынша, жоспарланған инфрақұрылымдық міндеттер толық жүзеге асырылса, 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе ұлғаятынын айтты.

Орта дәлізді TRIPP көлік бастамасымен ұштастыру мәселесін сарапшылар деңгейінде талқылауға болады деп ойлаймын. Бұл жоба әлеуетімізді арттырады әрі барлық мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесіне сай келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз

{