10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басшысы Сингапурдың үшінші премьер-министрі, аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Азиядағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі Сингапурмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, жуырда ел басшылығының ауысқаны Сингапур үшін маңызды кезең болды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Ли Сянь Лунды Сингапурдың аға министрі қызметіне кірісуімен құттықтады. Президент ел басшылығының үшінші буыны теңдікке, меритократияға, тиімді басқару мен әлеуметтік үйлесімділікке негізделген табысты әрі ұшқыр ойлы ұлт қалыптастыру секілді Ли Куан Ю мұрасының озық үлгісін сақтап, дамытып келе жатқанына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Сянь Лунның 20 жыл ішінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы жан-жақты серіктестікке айтарлықтай үлес қосқанын әрі еліміздің шынайы досы екенін айтты. Ли Сянь Лун екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Сингапур Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі жалғастыруға ниетті.
Кездесуде сауда-экономика, инвестиция, қаржы, көлік-логистика және гуманитарлық салалардағы ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті бағыттары жан-жақты қарастырылды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді