Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПрезидент елордадағы әлеуметтік нысандарды аралап көру барысында отбасылық SANA Sport орталығында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұнда спорт, шығармашылық, білім бағыттары бойынша 29 үйірме жұмыс істейді. Сондай-ақ 29 жаттықтырушы және 25 жоғары білікті педагог еңбек етеді.
Мемлекет басшысына «Damu Development Group» консорциумы жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалар жөнінде мәлімет беріліп, SANA Sport кешені аумағындағы саябақты қайта жаңғырту жоспары таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы спорт залдарын, шығармашылық үйірме бөлмелері мен оқу кабинеттерін аралап көрді. Сонымен қатар үйірмеге шеберлік дәрісін өткізуге келген шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Айару Алтынбекке сыйлық табыстап, сәттілік тіледі. Жас шахматшы бұған дейін Президентке хат жазып, кездесу жайында өтінішін жеткізген еді. Бүгін жүздесудің сәті түсті.
Кешенде 4 мыңнан астам баланың қосымша білім алуына жағдай жасалған. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жеткіншектердің үйірмелерге қатысуына «Мереке» қайырымдылық қоры қолдау көрсетеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?