23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМемлекет басшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ықпалдастықтың даму қарқынын атап өтіп, жоғары деңгейдегі, соның ішінде Садыр Жапаровтың биылғы 18-19 сәуір күндері Қазақстанға ресми сапарының аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Достық пен тату көршілік рухында өрбіп келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады