23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың тарихи мәні зор деп бағалады. Сондай-ақ Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шығатынын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сіздің бұл сапарыңыз және алдағы келіссөздер екіжақты ықпалдастыққа тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды деп ойлаймын. Руанданың экономикасы қарқынды дамып келеді. Меніңше, өзара байланыстарды нығайта беру қажет. Өйткені Қазақстан – ІЖӨ көлемі, ІТ технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту бойынша өңірдегі көшбасшы ел. Бұл біздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды өркендетудің басым бағыттары бола алады. Сондықтан Сіздің сапарыңызға ерекше мән беремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Руанда Президенті мемлекет басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.
Еліңізге шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен бұған дейін Қазақстанға 2015 жылы келген болатынмын, бұл менің екінші сапарым. Өзіңізбен және сіздің командаңызбен бірге екі ел игілігі жолындағы бірлескен жұмысымызды жалғастырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз, – деді Поль Кагаме.
Тараптар Қазақстан мен Руанданың саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы қарым-қатынастарын дамыту перспективасын талқылады. Сондай-ақ президенттер аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік