6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМемлекет басшысы «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Марат Байқамұровты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді, - деп жазылған құттықтау мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада қазақ күресінен өткен "Қазақстан барысы-2025" турнирінде павлодарлық Марат Байқамұров чемпион атанды. Ол финалда аталған турнирдің өткен жылғы жеңімпазы, семейлік Ерасыл Қажыбаевтан басым түсті. Ал үшінші орынға маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов тұрақтады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі