6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті отандастар! Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор.
Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады.
Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін.
Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!, - делінген құттықтауда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі