6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен Куба халқын Бостандық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
– Егемендік пен теңдікті қастерлей білген еліңіз бүгінде өзінің саяси-экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделін арттыруда қомақты жетістіктерге қол жеткізуде. Осы тұста Отаныңыз баянды дамуын жалғастырып, биік мақсат-мұраттарға жете беруіне шынайы тілектеспін. Кариб бассейніндегі Қазақстанның жақын әрі сенімді серіктесі Кубамен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да тереңдей түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Куба халқына құт-береке тіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі