Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды қаласының Пришахтинск ықшамауданында таяуда ғана ашылған «Кәусар» оқушылар сарайының қызметімен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысына мұндағы 13 үйірме мен секцияға 1600 бала қатысатыны жайында мәлімет берілді. Оқушылар игілігі үшін орталықта HI-TECH цех, шығармашылық шеберхана, хореография залы, ART-студия, дыбыс жазу, телевидение және фото студиялары, VR-архитектура және WEB-дизайн кабинеттері, Intellectum-студия, Интернет заттары кабинеті, роботты техника және техникалық шығармашылық зертханасы, STEM-зертхана, музыкалық студия, экологиялық орталық, спорт және ойын алаңдары ашылған.
Жалпы ауданы 3,3 мың шаршы метр болатын ғимарат сапалы қосымша білім алуға қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.
Мемлекет басшысы жас ұрпақтың шығармашылық және креативті дамуының мәні зор екеніне назар аударды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізуге баса мән беретінін атап өтті. Президент оқушыларды осы маңызды бастамаға белсенді түрде атсалысуға шақырды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?