7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президентке осы жылдың қаңтар айындағы криминогендік ахуал туралы ақпарат берілді. Министрдің мәліметіне сәйкес кешенді алдын алу шараларын жүзеге асыру нәтижесінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлық, бұзақылық, мал ұрлығы, сондай-ақ көшеде жасалған қылмыстар саны айтарлықтай азайған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа көші-қон жағдайы, ұйымдасқан және есірткі қылмыстарына қарсы шаралар, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының нәтижелері жөнінде баяндалды.
Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Президент бекіткен тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлерінің адалдығын тексеру (Integrity check) жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері туралы есеп берді. Министр шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының барысы жайында да айтты. Сондай-ақ қоғаммен бірлесе отырып, Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатқаны туралы баяндады.
Мемлекет басшысы азаматтық қоғам өкілдері мен журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттерді және арандатушылықты әшкерелеу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар Президент еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?