6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, оны Грузия Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады және грузин халқының өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Президент соңғы жылдары Грузияның қарышты дамып, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде экономикалық өсімнің 9,4 пайызды құрағанын атап өтті.
Мемлекет басшысы қазақ-грузин қарым-қатынастарының қарқынын жоғары бағалады. Президенттің айтуынша, Грузия Қазақстанның Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі және екі елді өзара достық пен тығыз тарихи тамырластық байланыстырады.
Қазақстан мен Грузия түрлі деңгейде, атап айтқанда, парламенттер, үкіметтік және мемлекеттік органдар арасында тиімді ынтымақтастық орнатқан, – деді Мемлекет басшысы.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі