Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал, соның ішінде, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньер Жоғарғы комиссар Кеңсесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ағымдағы жұмыстары және ынтымақтастықтың келешегі туралы хабардар етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген қоғамның саяси трансформациясы бойынша міндеттердің негізінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі іске кіріскеніне назар аударды. Әңгіме барысында мемлекеттің қоғамдық дамуына жас азаматтарды көптеп тартуға, олардың белсенділігін арттыруға бағытталған жастар саясатының жаңа қағидаттарына ерекше мән берілді.
Ламберто Заньер мемлекеттің ұлт бірлігін нығайту және әр түрлі этностық топтардың тілдерін дамытуға жасалған жағдайды, этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделін жоғары бағалады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мен Жоғарғы комиссар ЕҚЫҰ жауапкершілік аймағындағы этносаралық қатынастар бойынша қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды