Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Испания, Оңтүстік Африка және Норвегия елдеріндегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар