23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік