Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Успен кафедралды соборында Рождество мерекесіне орай өткен шараға қатысып, барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.
– Бүгін бүкіл Қазақстан, барлық конфессиялар мен этностардың өкілдері осы мейрамды атап өтіп жатыр. Бұл мереке мейірімділік пен бақ-берекенің символы саналады. Осы күні ескі өкпе-реніштер ұмытылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, дұға оқылады, – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыстарды жүргізіп жатқанына тоқталды.
– Біз бірлігіміздің арқасында экономикада және халқымыздың әл-ауқатын арттыру ісінде зор жетістікке жеттік. Мен егемендік жылдары ішінде православ христиандарының қолдауын сезіндім, сол үшін сіздерге ризашылық білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға бағытталған жаһандық дінаралық диалогты дамыту ісіндегі рөлін атап өтті.
– Бұл күндері барлық православ қауымы Жаратушыдан жақындарына денсаулық пен амандық, елімізге тыныштық, бейбіт өмір мен келісім тілейді. Осы дұға-тілектердің бәрі қабыл болсын! Баршаңызды Рождество мерекесімен тағы да құттықтап, сіздерге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның бірлік пен бейбітшіліктің арқасында ғана жаңа табыстарға қол жеткізетінін айтты.
– Біз достық пен өзара түсіністікті, бір-бірімізге деген сенімді нығайтуға бағытталған саясатымызды жалғастыратын боламыз. Осындай бастамамамен ғана алға ілгерілеп, болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасай аламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Қазақстан Президенті Православ Шіркеуі Рухани-мәдени орталығының дін жолында құрбан болғандар мен дін таратушылар музейінің экспозициясын аралап көрді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек