Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктер тарапының бастамасымен осы елдің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды нығайтуға баса мән берілді. Осы ретте екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы серіктестіктің қазіргі деңгейін жоғары бағалай отырып, қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, сауда-саттық байланыстарды жандандыруға және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.
Әңгімелесу барысында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары