6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюньді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әңгімелесу барысында Азия инфррақұрылымдық инвестициялар банкінің Қазақстандағы қызметін дамытуға қатысты алдағы жоспары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев банкпен арадағы ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, 2015 жылы еліміз Қытайдың осы банкті құру жөніндегі бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдағанын айтты. Осы уақыт аралығында АИИБ Қазақстанда жасыл энергетика саласы мен пандемия салдарымен күреске қатысты жобаларды жүзеге асыруға атсалысты.
Кездесуде Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі